Әулиекөл ауданы. Науқас ана көмек сұрайды

Көпбалалы науқас ана көмекке мұқтаж. Әулиекөл ауданының Аққұдық аулында тұратын Ләйла Абдрахманова созылмалы тері ауруына шалдыққан. Бір жылға жуық төсек тартып жатқан оны қазір 21 жастағы қыз баласы күтіп-бағып отыр. Өткен жылы бірнеше рет ауруханаға жатып шыққанмен дертіне дауа таппапты. Аурудың асқынып жазылмауына не себеп, отбасының ендігі үміті кімде?

17:11, 10 наурыз 2017   119

Ауруы жанына батқан Ләйлә Абдрахманова амалсыз көз жасына ерік береді. Қалқайып отырғаны болмаса үй шаруасын істемек түгілі өзін күтуге де шамасы жоқ. Қазір оның күтушісі де, емшісі де тұңғышы – Айнұр. 
Анамның науқасы былтыр мамыр айында білінді дейді Айнұр. Дәрігерлер оған «Ортопедический дерматит» деген диагноз қойған. Аудан орталығында екі рет, облыс орталығындағы ауруханада екі рет жатып ем қабылдапты. Алайда дерттің беті қайтпаған. Аудандық аурухана мамандары бұған науқастың өзі кінәлі деп отыр.

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44