ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЕМХАНАЛАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖОҒАРЫЛАҒАН

20:26, 7 ақпан 2020

Адами капиталды арттырудың басым бағыттарының бірі – денсаулық сақтау саласы. Осы орайда облыс орталығындағы медициналық мекемелер мен ем-дом көрсету нысандары өз қызметтерінің сапасын арттырып келеді. Ауруханаларды айтпағанда, емхана қабырғасындағы медициналық шаралар билік тарапынан да, бұқара тарапынан да жоғары бағаға ие.

Қостанай қаласындағы №1-ші емхана. Бүгінде бұл әлеуметтік нысанға 59138 адам тіркелген. Оларға 90 дәрігер, 183 орташа медициналық қызметкерлер ем-дом шараларын көрсетеді. Аталған мекемеде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып келе жатқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сәтті орындалуда.

Емханада науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту бойынша ешбір қиындық жоқ. Былтыр препараттар сатып алу мақсатында бұл мекмеге 509 млн 680 мың теңге қаражат бөлінген. Тіркеуде тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 666-шы бұйрығы бойынша орындалады. Емханада кадр тапшылығын жою тұрғысындағы іс-шаралар да атқарылып келеді. Мекемемізден жұмыс тауып жатқан жас мамандар жетерлік, - дейді бас дәрігер. Солардың бірі – өзге өңірден келген Алмас Садық.

Бас дәрігердің дерегіне сүйенсек, былтыр бұл емханаға 6 жас маман, 9 тәжірибелі медицина қызметкері жұмысқа орналасқан. Оларды баспанамен қамту мәселесін мекеме өз міндетіне алған. Медицина мамандарының қатарын арттыру шаралары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН  ӨТУДЕ
20:37, 27 ақпан 2020
КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСШЫЛАРЫ СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
20:30, 26 ақпан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...