ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

20:47, 17 қыркүйек 2020

Ұзынкөл ауданында әлеуметтік нысандар жөнделіп, ауылдың ажары артып келеді. Биыл Киев орта мектебінде шатыр мен жылу қазандығы жаңартылды. Одан бөлек, көптен бері жөндеуге мұқтаж болған аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесі де қалыпқа келтірілді. Емдеу мекемесі жаңа жабдықтармен қамтылды. Қуантатын жәйт, пандемия кезінде жергікті кәсіпкерлер де тиісті препараттар сатып алуда демеушілік жасады.

Ұзынкөл аудандық ауруханасы  жақында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен   гемотологиялық анализатормен жабдықталды. Қондырғының құны 3 млн. теңге тұрады. Енді    тұрғындарға  денсаулықтарын тексертуге  жақсы мүмкіндік туды.

Емдеу мекемесіне жас мамандарды тарту мәселесі де жолға қойылған.  Қазір мұнда  23 дәрігер жұмыс істейді. Бұл терапевтер,  педиатрлар,  мен  хирургтер.   Жақында  анестезиолог маманы  емдеу мекемесіне жұмысқа орналасты.   Қыркүйек айында  бірнеше жыл жөндеу көрмеген хирургиялық бөлімше  қалыпқа келтірілді.  Мұнда жедел және жоспарлы оталар жасалады. 

Пандемия кезінде аурухана күшейтілген тәртіп кестестіне көшті. Провизорлық стационар тәулігіне 120 науқасқа дейін қабылдады. Індет өршіген тұста  жергілкті кәсіпкерлер  көмектерін аямады. Тиісті қондырғылармен қамтуға жәрдемдесті.

Ауданда әлеуметтік нысандар жөнделіп, ауылдың ажары артып келеді. Миролюбов ауылындағы Киевский орта мектебінің жаз айында шатыры  жаңартылып,  жаңа жылу қазандығы орнатылды. 

Қазір мұнда  63 шәкірт білім алады. Балалар екі ауысымда оқиды. 21 мұғалім жұмыс істейді. Жас мамандар  ауылға көптеп келуде. Мемлекеттің қолдауымен  көтерме жәрдемақыларын алып, баспанамен қамтылуда. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:24, 29 қазан 2020
МӘМС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
20:23, 29 қазан 2020
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ
Толығырақ...
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:27, 28 қазан 2020
АУРУХАНА ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...