ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:44, 28 тамыз 2019

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі денсаулық сақтау саласын оң бағытта дамытады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне жедел жәрдем, санитарлық авиация сияқты шұғыл көрсетілетін қызметтердің бәрі жатады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов мәлім етті.

Міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету 2020 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылады. Өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет көрсету деңгейіне қатысты мәселе туындамауы үшін негізгі бағыттар талқыланды.

Жаңа жылдан бастап енетін жаңа жүйе аясында қызмет көрсету 2 пакеттен тұрады. Біріншіден, бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі. Екіншіден, науқастың дертін анықтау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде медициналық  сақтандыру  жүйесі арқылы іске асырылады.

Өңірдегі емдеу мекемелерінінің материалдық-техникалық базасы да жиында назардан тыс қалмады. Компютермен жабдықталу көртеткіші облыста – 98% тең.  Ғаламторға қосылған медициналық мекемелердің үлесі – 76,1%. Халықты сапалы ем - доммен қамту мақсатында  кешенді жұмыс жоспары белгіленді. Бұл әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрі - дәрмекпен қамту, консультативті-диагностикалық және реабилитациялық көмек көрсету деңгейін   3 есе арттыру аясында іске аспақ.

Қажетті диагностикалық құрылғылар мен қондырғалар қызметі де қол жетімді болмақ. Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша жұрттың бәрі бірдей емханаға жүгініп, стационарда емделе алады, диагностикадан өтеді. Басты міндет-  халықтың   сапалы медицинаға қол жеткізуін қамтамасыз ету.   

Тақырып бойынша материалдар

ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
21:02, 3 қыркүйек 2019
ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАН...
Толығырақ...
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
20:47, 26 шілде 2019
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯ САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...