ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

20:36, 4 шілде 2019

Ұлт Жоспарының 80-ші қадамын іске асыру мақсатында енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, емдеу ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттыруға жол ашады. Жаңа жүйе – заман талабына сай туындап отырған маңызды қадамдардың бірі. Осы ретте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» да құрылды. Осы және өзге де жаңашылдықтар жайында жауапты мамандар жан-жақты ақпарат берді.

Үкімет денсаулық сақтау саласына яғни, халыққа көрсетілетін тегін медициналық қызметтерге жыл сайын бір триллион теңгеге жуық қаржы бөледі. Бөлінетін қаржы көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Мысалы, 2013 жылы кепілдік берілген тегін медициналық көмекке 608 млрд. теңге бөлінген болса, 2019 жылы бұл қаржы көлемі 972.  млрд теңгеге жетіп отыр.

Қаржы тапшылығына технология бағасының қымбаттауы, адамдардың өмір жасы ұзаруына байланысты медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің және медициналық қызметті жиі пайдаланатын балалар мен қарт кісілер санының артуы, сондай-ақ, жұқпалы емес созылмалы аурулардың көбеюі себеп.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайында әлеуметтік қорғау үлгісі. Ол еліміздің  барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі  медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Тақырып бойынша материалдар

НЕОНАТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
20:46, 20 қараша 2019
НЕОНАТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...