ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

20:30, 19 қараша 2019

Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты үшін жаңа ғимарат бой көтереді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық мекемені аралап, осындай шешім қабылдады. Өйткені институттың Қазақстан медицинасы мен ғылымына қосып жатқан үлесі орасан зор. Дәрігерлер осы жетістіктерді еселеп, отандастардың тез оңалуына озық технологияларды қолдана алуы үшін жаңа ғимарат қажет. Сондықтан президент нысан 2021 жылға дейін салынады деп уәде етті.

Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – аталған сала бойынша озық технологияларды әзірлейтін бірден-бір ғылыми клиника. Бұдан бөлек, мұнда отандық дәрігерлер күрделі операцияларды  сәтті жүргізіп келеді. Ал жас буын білімін шыңдайды. Мекемеге арнайы келіп, ота жасайтын және реанимация бөлімдерін аралап болған соң, адам өмірі үшін арпаласып жүрген ақ халаттыларға жақсы жаңалығын жеткізді.

Бұл хабар тәжірибелі дәрігерлер мен ғалымдарды ғана емес, жас мамандарды да қуантты. Өйткені олардың дені бұл институтқа қарапайым көмекші болып кіріп, осы күні білікті дәрігерге айналған. Енді білімін одан әрі шыңдай түсуге ниетті.

Ұжым демекші, бұл жерде 35 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Олардың сегізі медицина ғылымдарының докторы болса, 24- і кандидат. Кесте: күн сайын 50-ден, ал жылына 8 мыңнан астам ота жасалады. Орталықта 385 емделушіге арналған 14 клиникалық бөлімше бар. Ал қосымша салынатын корпустың аумағы 23,2 мың шаршы метр болмақ. Онда 6 от жасайтын зал, 300 орындық оңалту орталығы, оқу бөлімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын зауыт орналасады. Жаңа ғимарат бұл саладағы медициналық қызмет көрсету көлемін 45 пайызға арттырмақ.

Ғалымдар жаңа корпустың қолданысқа берілуін асыға күтуде. Өйткені жаңа технология мен мүмкіндіктер арқасында ел игілігі үшін пайдасы тиер жаңалықтар ашамыз деп отыр. Қазірдің өзінде институтта 7 бағытта зерттеулер жүргізіледі. Жақында отандық ғалымдар буын аурулары бойынша жетістікке жеткен көрінеді. Ғылыми зерттеудің арқасында кеселдің алдын алып, буындарды жасандыға ауыстырмаудың амалын тапқан екен.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
20:36, 12 желтоқсан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...