ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:42, 14 қазан 2019

Дәрі-дәрмекті уақытында жеткізу мәселесі биліктің қатаң қадағалауында. Осы күні облысымыздағы 79 мың азамат дәрігерлер берген рецепт бойынша тегін препараттармен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау басқармасы мамандары осылай дейді. Биыл 1-ші жартыжылдықтың өзінде науқастарға 250 мыңнан аса рецепт жазылып берілген екен. Ал, облысты дәрі-дәрмекпен қамтуға 6,9 млрд. теңге шамасында қаражат бөлініпті.

Аса ауыр дертке шалдыққан науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз ету – көптен көтеріліп келле жатқан өзекті мәселе. Оны бір жақты ету үшін биыл сатып алу процедураларының реттелгенін айтады денсаулық сақтау басқармасының мамандары. Сондықтан, шілде айының басында препараттардың шамамен 48 проценті медициналық ұйымдарға жөнелтілген екен.

Осы жылдың алты айында науқастарға 250 мыңнан аса рецепт жазып берілсе, бүгінгі күнге дейін аймағымызда 79 000 науқас тегін дәрі - дәрмекке қол жеткізген. Дәрі тапшылығын жоюға бөлінген қаражаттың жеткілікті екенін айтады басқарма мамандары. Күндізгі емдеу бөлімдері тегін медициналық сақтандыруға кіретін препараттармен қамтылған. Халық тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің сатылымға шықпауын қатаң қадағалауда. Науқастар тегін дәрі-дәрмекті алған-алмағынын смс хабарламалары арқылы растайды.

Балалар тағамы да басты назарда. 2 мыңдай бүлдіршінге аймағымызда дәрілік қоспалар тегін беріледі. Биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде осы мақсатқа 60 млн. теңге бағытталды деген дерек келтірді облыстың бас дәрігері.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар