ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ РЕТТЕЛЕДІ

20:22, 24 ақпан 2020

Елімізде дәрінің бағасын реттейтін заң күшіне енді. Бұдан былай дәрі-дәрмекті белгіленген бағадан қымбат сатқан дәріханаларға шара қолданылады. Яғни, айыппұл салынып, тіпті лицензиясынан айыру да қарастырылған. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі баға саясатына араласа алмайтын. Ал, қабылданған жаңа заң ведомствоға дәрі-дәрмек бағасын реттеуге құзірет берді.

Дәрінің атауы, құрамы, сапасы бірдей болғанымен, құны әртүрлі. Елдегі дәріханаларда баға айырмашылығы екі-үш есе. Енді бағаны негізсіз өсіріп отырғандарға қарсы Денсаулық сақтау министрлігі қатаң шара қабылдайды.

Елімізде препараттардың шекті құны бекітіліп, ол арнайы мобильді қосымша арқылы бақыланатын болды. Оның көмегімен Қазақстан аумағында тіркелген дәрілік заттар бойынша толық ақпарат алуға болады. Егер бұл тізімде іздеген дәрі табылмаса, онда ол ел аумағында тіркелмеген және күмәнді препарат болып есептеледі, дейді мамандар. Дәріхана ұсынған баға мобильді қосымшада көрсетілген бағадан асып кеткен жағдайда, шағым қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған. Дәріхана үшін мұндай шағымдар әкімшілік жауапкершілікпен аяқталуы мүмкін.

Бастысы дәрі бағасын бастан асырмаймыз деп жүргенде, сапа санадан шығып қалмаса, игі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:27, 20 наурыз 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар