ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:28, 21 ақпан 2020

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы дайын болды. Құжат мәжілістің бірінші оқылымына қарауға ұсынылмақ. Палата Спикері Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысын өткізіп, жиналғандар жаңа құжатты жан-жақты талқылады.

Кодекс жобасында трансплантация мен  вакцинацияҒА ерекше назар аударылған. Қазақстанда тұратын адамдар міндетті профилактикалық егулерден өтуі керек. Егер баланың денсаулығында медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса міндетті вакцинациялардың тізіміне сәйкес вакцина жасалады. Осыған сәйкес  сапасыз препараттарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережелерін сақтауға қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл орайда тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің құзыреті күшейтілмек. Сонымен қатар, науқастың өмірін жасанды қолдау шараларын тоқтату туралы ортақ ұстаным әзірленді. Нәтижесінде науқастың туыстарының келісімінсіз бұл шара тоқтатылмайтын болды. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:27, 20 наурыз 2020
ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар