ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ

20:23, 29 қазан 2020

Облыста 2 жыл ішінде денсаулық сақтау саласында 12 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Тек осы жылы ғана 5 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 9 ақ халатты істі болып, жауапқа тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазіргі кадр тапшылығы мәселесі тұрғанда, мұндай жағдайлардың алдын алу керектігін алға тартады. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілген.

Коронавирустың екінші кезеңі туралы айтуға әлі ерте, дүрбелеңге себеп жоқ. Дегенмен, сарапшылар кез-келген жағдайға дайын болу керектігін ескертті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп облыстың барлық аудандарындағы ауруханаларға мониторинг жүргізіп, медициналық мекемелерді жарақтандыру деңгейін анықтады.

Гуманитарлық көмекті бөлудің ашықтығы да ерекше бақылауда. Тұрғындар дәріханалардағы дәрі бағаларының қымбаттылығын аңғарса немесе гуманитарлық көмек белгіленген жерге жетпесе 1424 телефонына қоңырау шалуға болады. Естеріңізге салайық, дәрінің бекітілген бағасын білу үшін әрбір дәріханалрға QR-кодтар орнатылған, онда дәрінің шекті бағасы көрсетілген.

Мамандар бүгінде азаматтарды көтермелеу жүйесі өзгергенін атап өтті. Егер бұрын заңсыз іс-әрекеттер фактілері туралы хабарламалар үшін сома 300 мың теңгеден аспаса, бүгінде ол расталған параның 10%-ын құрайды. Мамандар күш-жігерді біріктіру арқылы ғана азаматтардың денсаулық сақтау ұйымдарына деген сенімін арттыруға және осы құрылымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін болдырмауға болатындығын атап өтті.

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ  ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:52, 24 қараша 2020
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:51, 24 қараша 2020
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...