ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

18:03, 14 шілде 2017

Ғасыр індеті - спидке қарсы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, дәрігерлердің айтуынша, өңіріміздегі ахуал тұрақты. Емдеу орындары заманауи жабдықтармен қамтылып, қажетті көлемде қаржы бөлінуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасына сүйенсек, әлемде осы кезеңде иммун тапшылығы дертін жұқтырған 40 миллионға жуық адам бар екен. Оның жартысы - әйелдер.

Облыстық СПИД орталығында тіркеуге алынғандар саны, өкінішке қарай, аз емес. Біреулері сынама тапсырса, енді біреулері психологиялық көмек үшін келеді. Мамандардың мәлімдеуінше, аталмыш дертке қатысты аймақ аумағындағы ахуал тұрақты. Ешбір кеміген де, өскен де емес.

ВИЧ-тексеруден өту үшін қанның сынамасын алу шарт. Бұндай әдісті барлық емдеу мекемелерінде немесе облыстағы спидке қарсы күрес орталығында тегін жасауға мүмкіндік берілген. Диагноз соңғы үлгідегі қондырғылардың көмегімен нақты және сапалы қойылады.       

Облыста бүгінде 1095 адам ВИЧ індетін жұқтырған. Қостанай өңірі бұл көрсеткіш бойынша республика көлемінде бесінші орында тұр. Көңіл көншітпейтін нәтижені төмендету үшін сала мамандары сан түрлі алдын алу шараларын ұйымдастырудан жалықпайтындарын жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТОРЛАР ҚОСТАНАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
20:30, 23 сәуір 2018
СЕНАТОРЛАР ҚОСТАНАЙҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:33, 19 сәуір 2018
ОБЛЫСТА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
20:30, 18 сәуір 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар