ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: САНДЫҚ ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ!

20:44, 12 наурыз 2019

Цифрландыруға негізделген проактивті мемлекеттік қызметті қолданушылар саны күн сайын артып келеді. Пилоттық жоба іске қосылғалы бері елімізде 63 330 әйел сәбилерінің алғашқы құжатын sms арқылы өтініш беріп, 19 мыңнан астам адам балаларын балабақша кезегіне қойса, 12 мыңнан астам адам сәбиді дүниеге әкелу бойынша жәрдемақы алып үлгерген. Проактивті қағидат өңірімізде қалай жүзеге асуда? Тоығырақ тілші материалында.

Қостанайда практивті тәсілмен туу туралы куәлікті рәсімдеушілер саны артқан. Жоба бойынша енді жас аналар бұрынғыдай  құжат алу үшін уақыт кетірмейді. Цифрландыру заманында ұялы телефон нөміріңіз – порталдың жеке кабинетінде тіркелсе болғаны. Жоба іске қосылғалы бері, облымызда 756 әйел сәбилерінің алғашқы құжатын алып, 461-ден астам адам балаларын балабақша кезегіне қойса, 189-дан астам астам ана жәрдемақы алған. Мемлекеттік қызметті проактивті принцип бойынша алғанның бірі – Ольга Наприенко. Жас босанған ана – жаңа қағидаттың тиімді екенін айтуда.

Айта кетейік, проактивті әдіс телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. Мобильді базаға тіркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегімен шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдей алады.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
20:40, 19 наурыз 2019
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ БЕСТАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
20:31, 13 наурыз 2019
ОБЛЫСТА АВИАЦИЯЛЫҚ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ
20:35, 11 наурыз 2019
ЕЛІМІЗДЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар