ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

20:38, 8 қараша 2018

Қостанай облысындағы медициналық мекемелер қағазбастылықтан арылып келеді. Алдағы уақытта емханаларда тіркеу орны мен медициналық кітапшалар болмайды. Оның орнына электронды денсаулық төлқұжаттары енгізіледі. Облыс орталығындағы осындай жаңашылдықты енгізіп үлгерген емханалардың бірі жайлы келесі бейнематериалда.

Цифрландыру жүйесіне көшкен мекеменің бірі Қостанай қаласындағы нөмірі төртінші емхана. Вера Шилова – осы клиниканың тұрақты емделушісі. «Медицина саласындағы жаңашылдықтар бізге көп жеңілдік әкелді» дейді зейнеткер. 

Қағазбен келуші науқастар да цифрлық жүйенің артықшылығын сезінеді. Олардың картасы сканер арқылы компьютерге электронды нұсқаға көшіріледі. Сәйкесінше тұрғындар үйден шықпастан дәрігер кеңесін, анықтаманы, қабылдаудан кейінгі қорытындыны алады. 

Жалпы облыс бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру белсенді жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 864 мың тұрғынның 73 пайызы электронды денсаулық төлқұжатына ие. Яғни олар бұрынғыдай амбулаториялық картаны пайдаланбайды. Дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылады. 
Облыста денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың аймақтық жоспары әзірленді. Осыған сәйкес жыл соңына дейін емдеу мекемелеріндегі қағазбастылықты толық жою көзделген.
 

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЕМХАНАЛАР ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:40, 13 қараша 2018
ЕМХАНАЛАР ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
100 ЖАҢА ЕСІМ: ХИРУРГ ЕВГЕНИЙ ФИНК МЫҢНАН АСТАМ ОТА ЖАСАҒАН
20:40, 8 қараша 2018
100 ЖАҢА ЕСІМ: ХИРУРГ ЕВГЕНИЙ ФИНК МЫҢНАН АСТАМ ОТА ЖАСАҒАН
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
13:05, 6 қараша 2018
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар