ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДА ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:30, 18 қараша 2019

Федоров ауданына қарасты Камышин ауылдық округінде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. 4 мыңға жуық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсетуге қауқарлы емдеу мекемесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтеріп отыр. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына өңір басшысы қатысты.

Әлеуметтік маңызы бар медициналық мекеме! Федоров ауданына қарасты Чистый Шандақ елді мекенінде мыңннан астам тұрғын бар. Мұндағы ескі ғимараттың әбден тозығы жеткен, сондықтан тұрғындар бұл күнді асыға күтіп жаңадан бой көтерген нысанның жанына таң сәріден жиналды. Жалпы аумағы 312 шаршы метрді құрайтын емдеу мекемесінің кіреберісінде тіркеу орны мен дәріхана орналасқан. Әрі қарай дәрігерге дейінгі емшара кабинеттері, күндізгі стационар, зертхана, егу және жұмысшылар бөлмесі. Елді мекен тұрғындарын жаңа емдеу мекемесінің ашылуымен құттықтаған Архимед Мұхамбетов  аудан басшылығына тұрғындардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ғимаратпен жапсарлас жедел жәрдем көлігін қоятын тұрақ та салынған. Облыс әкімі аталған фельдшерлік-акушерлік пунктке екі компьютер сыйға тартып, нысанның құрылысына 63 млн теңгеге жуық қаражатын құйған «Тұрар» жауапкершілі шектеулі серіктестігі басшысы Қайрат Оспановқа алғысын білдірді.

Ашылған жаңа медициналық пункте жоғары санатты мамандар қызмет етеді. Мылтыққали Сегізбай көпжылдық тәжірибесі бар маман. Әр тұрғынды танитын, олардың дерттерін жақсы білетін дәрігер, жасалған жағдай сапалы қызмет етуге мол мүмкіндік берері сөзсіз дейді.

Зейнеткер Тамара Воробьева бұл күнді асыға күткенін айтады. Фельдшерлік-акушерлік пункт ашылысымен ол дәрігердің көмегіне жүгінуге асық.

Жалпы, Федоров ауданында Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында осы жылы екі әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның бірі – «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы. Мектепке дейінгі мекеме биыл 32,8 млн теңге сомасына жөнделді. Бүгінде балабақшаға 120 бала барады. Ал, екінші нысан – аудандық балалар кітапханасының қалыпқа келуіне 23,5 млн теңге жұмсалған. Жалпы, биылғы жылы Федоров ауданында атқарылған жұмыс аз емес. 1,3 миллиард теңгеге 40 шақырым жол салынған. Пешков ауылына ауыз су тарту аяқталып қалды. Келесі жылы Копыченка, Баннов, Чехов, тағы бірқатар ауылдарға су құбырын жүргізу басталмақ.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
20:36, 12 желтоқсан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚОРҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...