ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: АМБУЛАТОРИЯ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

20:30, 26 ақпан 2020

Биыл Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кенті жаңа кейіпке енбек. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша мұндағы амбулатория, кентішілік жолдар, сондай-ақ, вокзал маңы алаңы жөнделетін болды. Тілші толықтырсын.

Тобыл – тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі елді мекен. Мұнда екі мектеп, екі балабақша бар. Бес бағытқа пойыз қатынайды. Жақында кенттегі жергілікті амбулаторияның іші-сырты түгелдей жаңаланбақ. Дәрігерлер мұндай сүйінші хабарды көп күткенін айтады. 34 жыл бұрын салынған аурухана бүгінге дейін ешқандай күрделі жөндеу көрмеген.

Амбулаторияда Жайылған Дүйсекеновтен басқа төрт дәрігер жұмыс істейді. Олар елді мекендегі 7 мың тұрғынға қызмет көрсетеді.

Тобыл кенті «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізілген өңірдегі 12 елді мекеннің бірі. Мұнда амбулаториядан бөлек, бағдарлама бойынша қарастырылған 340 млн теңгеге теміржол бекетінің маңы мен бес көшедегі жол жөнделмек.

Жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасады. Бірақ, жоба толық қаржыландырылса, жергілікті билік ертерек бітіруге бекініп отыр. Айта кету керек, 2019 жылы облыста аталған бағдарлама аясында 2 миллиард теңгеден астам сомаға 46 нысан жөнделген. Жобаға Қарасу, Федоров, Меңдіқара, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарының орталықтары кірді.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС:  КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
20:36, 1 сәуір 2020
МӘМС: КӨМЕК АЛУ МҮМКІНДІГІ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар