ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

20:26, 13 қараша 2020

Біз өткен хабарымыздың бірінде Федоров аудандық ауруханасындағы өрт туралы айтқанбыз. Естеріңізде болса, ғимараттың шатыры отқа оранған еді. Ол толықтай ыстан тазартылып, қазір мердігер компания қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Айта кетейік, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық жабдықтар да дін аман.

Аудандық аурухана қалыпты жұмыс кестесіне көшті. Өрттен кейін ғимарат шатырында қалпына келтіру шаралары бүгін басталды. Ол толықтай ыстан тазартылды.   Мердігерлік ұйым  құрылыс - монтаждау жұмыстарына кіріскен.     

Естеріңізге сала  кетейік,   9 қарашада  аудандық аурухананың шатыры отқа оранған еді. Аурухана ғимаратында болған 50 адам  тілсіз жаудың қауіпінен арашаланып,  шұғыл түрде эвакуацияланды. Жансақтау бөлімінен 4 науқас құтқарылды. Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

 Емдеу мекемесінде болған қызыл жалын еріктілерді де бей – жай қалдырмады.  70 волонтер шатырды күл қоқыстан тазартуға көмектесті.

Емдеу мекемесіне жаңа шатыр салу жұмыстары  желтоқсан айында тәмамдалады. Құрылыс  сапасына да баса мән берілетін болады. Өрттің неден шыққаны әзірге анықталып жатыр. Тілсіз жау салдары қанша  шығын әкелгені кейін белгілі   болады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
АУРУХАНАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ  ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:52, 24 қараша 2020
ИНСУЛЬТ АЛҒАН НАУҚАСТАР ҮШІН ОҢАЛТУ ӘДІСТЕРІ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:51, 24 қараша 2020
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА ЖАҢА ЖАБДЫҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...