ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

20:42, 7 қараша 2019

Медицина мамандарының ішінде неропатолог дәрігерлердің жұмысы ең қиын деп саналады. Жүйкесі жұқарған, күйзеліске түскен науқастарды емдеу оңай емес. Бүгінде аталған ақ желеңділердің алдына баратындардың қатары қалыңдамаса, сиремей тұр. Бұған Бейімбет Майлин аудандық орталық ауруханасында еңбек ететін неропатолог дәрігер Тоқмейіл Әбусағитова жөнінде репортаж дайындау барысында біздің түсірілім тобы да көз жеткізіп қайтты.

Дәрігердің жұмысы қауырт. Ол жүйке жүйесі бұзылғандар мен неврологиялық ауруларды анықтаудан бөлек, алдын алу жұмыстарына да көп көңіл бөледі.

Ол медициналық құрылғылардың атауын бала кезінен жатқа біліп өсті, осы салада ұзақ жыл жұмыс істеген анасына еріп жүріп үйренді. Бүгінде өзінің де жалпы еңбек өтілі табаны күректей 17 жыл. Бірақ, Тоқмейіл мол тәжірибесіне тоқмейілсіген емес, үнемі білімін жетілдіріп отырады.

Өз ісіне берілген адам. Дәрігерді ұжымы осылай атайды, құрметтейді. Жас мамандар оған қарап бой түзейді, үлгі алады дейді әріптестері.

Әріптестер тарапынан жан-жақты қолдау болса, жұмыс та нәтижелі, көңіл де алаңсыз. Бұл ретте Тоқмейілдің ұжымына айтары алғыс қана.

Ең бастысы – елдің батасы. Тоқмейілге пациенттердің де ықыласы ерекше. «Ол мықты дәрігер! Жұмысын сүйіп істейтіні көрініп тұр. Маған берген кеңестері көмектесті. Жүз жасасын!». Бұл – көпшіліктің пікірі, тілегі. Дәрігер үшін бұдан асқан қандай бақыт болсын.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДА ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА
20:50, 6 қараша 2019
АУЫЛДА ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА
Толығырақ...
МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
20:48, 6 қараша 2019
МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...