ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

20:41, 13 қараша 2019

Қостанай облысының емханалары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде оңалту көмегіне басымдық беріп жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар қалпына келтіріп емдейтін орталықтар науқастарды қабылдауға дайын. Жаттығулар құрылғылары сатып алынып, мамандар жасақталған. Келер жылдың қаңтар айынан бастап ауруға шалдығып оңалтудың ақылы курстарынан өтіп жатқан емделушілер көмектің осы түрін тегін алуға ие.

Бұл инсульттік орталыққа жыл сайын жарты мыңдай адам келеді. Ми қан айналымы бұзылғаннан кейінгі үш апталық мерзімді пациенттер осында өткереді. Негізінен толық оңалту курсы екі жылды қамтиды, дейді дәрігерлер.

Емделушілер емханалар жанындағы оңалту орталықтарында амбулаторлы түрде қалпына келіп жатыр. Әзірше қызмет түрі ақылы. Келер жылдан медициналық сақтандырулары бар азаматтар үшін көмектің бұл түрі тегін ұсынылады.

Қайта қалпына келтіру орталықтары арнайы жаттығу құрылғылары және   мамандармен қамтылған. Әр емделушіге сай оңалтудың жекелей бағдарламасы бар.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында пациенттерді ортаға бейімдеумен өңірдегі 30 медициналық ұйым айналысады. Бұл ағымдағы жылғы көрсеткіштен 10 есеге көп. Оңалту орталықтарының басым бөлігі емханаларда орналасады.

Медициналық ұйымдардың жұмысын қаржыландыруды еселеудің арқасында күшейту жоспарланған. Келесі жылы денсаулық сақтау саласына 53 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінбек.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
20:22, 28 мамыр 2020
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ЭКСПРЕСС-ТЕСТ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:33, 27 мамыр 2020
ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар