ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

100 ЖАҢА ЕСІМ: ХИРУРГ ЕВГЕНИЙ ФИНК МЫҢНАН АСТАМ ОТА ЖАСАҒАН

20:40, 8 қараша 2018

Егемен елдің әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдыр тұр. Нақты адамның баянды тірлігі, үлгілі өмір жолы арқылы отанның келбет-көрінісі айқындалады. Ұлттың алтын қорын қалыптастырып жатқан тұлғаларды таңдайтын Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасына 31 тобылдық ұсынылды. Үміткерлердің бірі – үздік хирург Евгений Финк. Адам өмірін арашалап, ең қиын жағдайларда ота жасаған жерлесіміз «Үздік ауылдық дәрігер» байқауының екі дүркін жеңімпазы.

Евгений Финк Федоров  аудандық орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі. Дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген істі меңгеріп, науқастың өміріне жауапкершілікті алудан еш қорықпаған. Еңбек жолын да осында бастайды. Әкесі белгілі хирург, аудандық ауруханада 70 шы жылдардан бастап қызмет етсе, анасы болса ота жасау бөлімінің медбикесі болып қызмет еткен. Бүгінде, отбасылық істі ұлы да жалғап жүр. Евгений мамандық таңдауды бала жастаған ойлаған. Арманым тек хирург болу еді дейді.

Сонау 90-шы жылдардың басы дәрігерлердің тапшы болған кезі. Хирург пен анестезиолог мамандар жоқтың қасы. Евгений болса әкесіне көмектесіп, талай жанның өмірін құтқарды. Еңбек жолын қатардағы дәрігер-интерннен бастаған азамат бүгінде тұтас бөлімшеге жетекшілік етеді. Ажалдан арашалап қалатын бір ғана шешім қабылдау оңай емес.  Білікті маман мың астам ота жасаған. Сөзінше, хирургия саласында әрдайым кәсібилік шеберлігін арттырып отыру міндет. 

Туа біткен дарындылығы мен еңбекқорлығының арқасында Евгений Финк ел көлемінде үздік ауыл дәрігері деп танылды. Бұл оның алғашқы жеңісі емес, былтыр да ол осы байқауда үздік атанған еді. Кәсіби маманның  сөзінше «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы оған зор жауапкершілік жүктейді. Мыңдаған жанның  шынайы алғысына ие болған азаматқа қандай айдар тақса да жарасатыны сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
21:02, 3 қыркүйек 2019
ВАКЦИНА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАН...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:44, 28 тамыз 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...