ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

Зейнеткерлер латын әліпбиін үйренуде

18:18, 12 ақпан 2018

Әулиекөл ауданында 79 жасар қария латын әліпбиін тегін үйретеді. Москалёв ауылының тұрғыны, білім беру ісінің үздігі Көкенаки Әбділдин «Рухани жаңғыруды» осындай нақты іспен қолдап жүр. Ардагер ұстаздың «алғашқы шәкірттері» де - өз замандастары. Мектеп партасына қайта отырған қостанайлық қариялардың бастамасы жайлы келесі бейнематериалда.

Сексенге аяқ басқан Бейсен Жұрқабаев - үлгілі «оқушылардың» бірі. Сабақты қалдырмайды. Үй тапсырмасын да тыңғылықты орындайды. Қария «келешекте қаріп өзгергенде қатардан қалып қоямын» деп қорықпайды. 

Дәріс аптасына бір рет өтеді. Қатысушылар әріптерді түгел үйренген. Қазір ұстаз әзірлеген мәтіндерді жүргізіп оқи алады.
Алғашында зейнеткерлер, ауыл жұмысшылары ғана қатысса, қазір мұғалімдер де шәкірттер қатарын толықтырған. Себебі, отыз жылдан астам қазақ тілі пәнінен сабақ берген ардагер ұстаздың тәжірибесі жас буынға үлгі.

Қажетті көрнекіліктерді Көкенаки Әбділдин өз қолымен жасады. Қарт филолог әліпбидің ел назарына ұсынылған нұсқасын жетілдіруге өз ойын қосып, мақала әзірлеу үстінде. Менің басты мақсатым - «Рухани жаңғырудың» мәнін халыққа жеткізу» дейді зейнеткер

Елбасы мақаласы Москалёв тұрғындарынан бірден қолдау тапты. Туған өлкенің тарихын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында мұнда былтыр мектеп ішінен музей ашылды. Оны жасақтауға жерлестер жұдырықтай жұмылып үлес қосты.
 

Тақырып бойынша материалдар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:39, 15 қазан 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ
20:35, 24 қыркүйек 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...