ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ТІЛДІ МЕҢГЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ

20:50, 27 қараша 2019

Биыл "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығында мыңнан астам адам білім алған. Сала мамандарының айтуынша, латын графикасына негізделген тіл курсына қатысушылар саны да артып отыр. Әсіресе, сабақты онлайн жүргізу тиімділігін көрсеткен.

«Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы жылды қорытындылауда. Биыл орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына 7 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, латын графикасы негізінде мемлекеттік тілді оқыту кабинеті ашылған. Жазда өткізілген қазақ тілінің қысқа мерзімді курсына 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, облыс бойынша тыңдаушылар саны 750-ден асып жығылған. Жемісті жыл болды дейді тілдарындық оқытушылар.

8 айлық курсты толық аяқтағандар бірден емтихан тапсырады. Сәтті өткендер сертификаттарына қол жеткізеді. Олар білімдерін үш бағыт бойынша, яғни, қазақ, ағылшын, өз ана тілдерінде дәлелдеулері керек. Биылдан бастап түрлі диаспора өкілдері бірден 7 тілді меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

Қазір жазудың жаңа ережесін үйренуге барлық санаттағы тұлғалар тырысуда. Тәжірибиелі педагогтермен 40-сағаттық курсқа Үміт-Надежда қоғамдық өкілдері қатысқан. Сабақ тек теориялық тұрғыдан емес, тәжірибиелік тұрғыдан да барынша қарастырылған. Курс қорытындысы бойынша 15 тыңдарманға арнайы сертификат табыс етілген. Тілдарында латын графикасы негізінде қазақ тілін үйренуге түрлі ұлт өкілдерінің ішінде жастардың қарасы қалың.

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
20:58, 20 қыркүйек 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...