ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ТЕҢГЕ ЛАТЫН ҚАРПІМЕН АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

20:35, 16 мамыр 2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басым бағыттарының бірі - қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Елімізде бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде іске асуда. ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Толығырақ.

Ұлттық банк таныстырған мына монеталардың бетіндегі «теңге»  жазуы латын қарпімен жазылған. Елтаңбадағы «Қазақстан» жазуы да жаңа үлгіге сәйкес безендірілген. Металдың құрамы, салмағы мен көлемінде ешқандай өзгеріс жоқ. Ал, ескі және жаңа теңгенің бірдей қолданыста болатынын айтқан мамандар, барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға міндетті  екенін айтады.

Жалпы біздің өңірде екінші деңгейлі банктердің 13 филиалы жұмыс істейді. Оның 10-ы жаңа үлгідегі монеталарды алып үлгірген. Ел азаматтарының ұлттық валютаға деген сенімі мен оның бәсекеге қабілеттілігі – салиқалы саясатының жемісі деп есептейді банкирлер.

Теңге – тәуелсіздігіміздің төл перзенті.  Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келген ұлттық валютамыз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, экономикалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Ұлттық валютаны шығарудағы атқарылуға тиіс асқаралы миссия да осы еді дейді мамандар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
18:12, 19 сәуір 2019
ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...