ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ

20:58, 20 қыркүйек 2019

Полиция департаментінде латын әліпбиін үйрету және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығымен бірге ұйымдастырылды. 300 - ге жуық тәртіп сақшылары оқытушылардың дәрісін тыңдап, 2025 жылға дейінгі латын негізіндегі қазақ әліпбиінің күнтізбесімен таныс болды.

Оларға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары дәріс беруде. Латынға көшу – өркениетке ұмтылу деп түсінетін тәртіп сақшыларының әліпбиді үйренуге ынталары зор.

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз кезек күттірмейтін мәселе,-дейді полиция департаментінің басшылары. 

Айта кетейік, бұған дейін 43 тәртіп сақшысы арнайы курстан өтіп, сертификаттар алған болатын. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.    

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...