ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

МЫҢДАҒАН ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ «ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ЖАЗДЫ

20:11, 14 қараша 2018

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеру. Бүгін республика бойынша латын графикасы негізінде «Жалпыхалықтық диктант» өтті. Қостанайда ұйымдастырылған шараға мыңдаған адам қатысты. Бір уақытта бірнеше жерде өткен ашық диктант қос бірдей тақырыпты қамтыды. Біріншісі – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы болса, екіншісі - «Елорданың 20 жылдығы». Гүлжан Жеңіс те латынша жазып көрді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша елімізде ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Елбасы көтерген рухани жаңғыру һәм жад мәселесінің түпқазығы тіл тақырыбы -  қашан да күн тәртібінен түскен емес. Астықты аймақта өткен «Жалпыұлттық диктант» осының дәлелі болса керек. Шарапаты мол шараға мыңға жуық қостанайлықтар да қатысты. Диктант мәтінін құрастырған отандық ғалымдар күрделілігі жағынан бәріне қолжетімді екенін айтты.

Бұл бастама бір ғана біздің облыста емес, бір мезгілде бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асты. Ел азаматтары жазған диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында өрбіді. Тың шараға қатысуға ниет білдіргендердің қарасы қалың.

Сауатты жазу сайысында бақтарын сынап көруге 60-тан астам қостанайлық мекеме атсалысты. Олардың жас ерекшеліктері мен ұлттық айырмашылықтарына ешбір шектеу қойылмаған. Қатысам, латын қарпінде қатесіз жазып үйренем дегендерге бар мүмкіндік жасалған. Іс-шараның ұйымдастырушылары жыл өткен сайын жобаның ауқымы кеңейіп келе жатқанын айтты.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...