ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

МЕКЕМЕЛЕРДІ ЛАТЫНША ТАҢБАЛАУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:32, 21 қаңтар 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басты бағыттарының бірі - қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Облыста бұл үрдіс жүйелі түрде сәтті іске асып келеді. Атап айтсақ, жалпақ жұртшылық үшін түсіндіру жұмыстары ұдайы ұйымдастырылып, айтылған ұсыныс-тілектер де қаперге алынуда. Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен бүгінде біраз іс тындырылды. Жуырда жаңа әліпбидің емле ережесі жарияланды, енді кириллицадан арылу кезең-кезең бойынша көптеп көрініс таппақ.

«Қостанай» телеарнасы - аймақта алғашқы болып маңдайшадағы жазуын латынша таңбалаған мекеме. Бүгінде мұндай маңызды қадамдармен мектептер мен балабақшалар,  жоғарғы оқу орындары мен мәдени нысандар және мемлекеттік мекемелер де қамтылуда. Бұдан былай, жаңадан ашылған ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың барлығы латын графикасымен таңбаланбақ. Бұл –  кезең-кезең бойынша кириллицадан арылу амалдары.

Ағымдағы жылы жергілікті газет-журналдар да өз материалдарын латынша басып шығаруға бел буып отыр. Басылым беттеріндегі қателіктерге бой алдырмас үшін тілдерді дамыту басқармасы тарапынан тиісті іс-шаралар жасалуда. Аталған басқарма жанындағы «Тілдарын» орталығының мамандары тілшілер мен жарнамалық агенттік өкілдерін тез әрі нәтижелі түрде латын әліпбиіне көшуге және таңбалау бағдарламасына баулитын болады.

Осы орайда, облыстық бюджеттен жаңа кабинеттің ашылуына 4,5 млн. теңге ақша бөлінген. Латын әліпбиі негізінде қазақ тілін үйретуге бағытталған бағдарламалар наурыз айында басталмақ. Мұнда мемлекеттік тілдің латын графикасындағы 5 деңгейлі оқу курсы  жұмыс істейді. Сондай-ақ, наурыз айында дәстүрге айналған, өңір тұрғындарына арналған диктант ұйымдастырылмақ.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ
18:04, 13 наурыз 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ
Толығырақ...
ЛАТЫНҒА КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҚАДАМ БАСУ
20:42, 28 қаңтар 2019
ЛАТЫНҒА КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҚАДАМ БАСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар