ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ЛАТЫНША БАСЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

18:14, 30 наурыз 2018

Қостанайда латын графикасының кешегісі мен бүгінгісіне арналған көрме жұмысын бастады. Оған латын қарпі ресми қолданыста болған 1929 бен 40-шы жылдар аралығында өңірімізде жарыққа шыққан сирек құжаттар қойылды. Шараны тамашалаушылар беймәлім болып келген деректермен де танысты.

Қазақ халқының 1929-1940 жылдары латын қарпін қолданғаны белгілі. 20 ғасырдың сол тұсында басымыздан өткен кезеңдер, тарихи оқиғалар латын графикасы негізінде қағазға түсіп отырған. Бүгін көрмеге көршілікке беймәлім сирек құнды құжаттар шығарылды. Бір қызығы бұл мәліметтерге қызығушылық танытқан бірде-бір зерттеуші болмапты. Бүкіл мәліметтер 80 жыл бойы архивтерде сақталып келген.

1929-40 жылдардағы өлке өміріндегі елеулі сәттер тарихшылар назарынан тыс қалғаны өкінішті. Дегенмен, зерттеушілер бұл мәселені қолға алатындықтарын айтуда. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшуіміз болашақ үшін қандай мән-маңызы болатынын айтты. 

Көрме облыстық архивтер және құжаттама басқармасында өтті. Бұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар.

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...