ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫНҒА КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ

13:25, 15 наурыз 2019

Ақпараттық технологиялар дамыған заманда латын қарпіне көшудің маңызы зор. Елбасы өз мақаласында бұл мәселені таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Әлемдік өркениет көшінен артта қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын әліпбиін кешіктірмей қолданысқа енгізуіміз қажет. Қостанай облысында жоспарланған жұмыстар бойынша бүгінге дейін қандай нәтиже бар? Мамандар брифинг барысында мәлім етті.

Елбасы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»  мақаласында озық отыз елдің қатарына енуде  латын графикасына көшудің маңыздылығын айтқан болатын. Осы ретте облысымызда  ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы, жаһандану үдерісіндегі өркениетке апарар жол. Айта кетейік, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде арнайы латын әліпбиі кабинеті ашылған болатын.   

Қазіргі таңда латын әліпбиін қодаушылар саны артты. Қолға алынға жұмыстар  оң нәтижесін беруде, дейді мамандар. Жалпыоблыстық диктанттар өткізіліп, қатысушылар барынша белсенділік көрсетуде. Яғни, жаңа қазақ әліпбиіне деген қызығушылық пен ынта бар. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...