ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ЛАТЫНҒА КӨШУ - ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ

20:40, 19 қыркүйек 2018

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша өңірде ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына үкіметтік ұйымдар да жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, бұл бағытта 3 әлеуметтік жоба іске асырылмақ.

Бүгінгі күні облысымызда қазақ тілін латын графикасына көшіруді ілгерілету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Сана серпіні» жобасы іске асты. Жоба аясында  әлеуметтік желілерде «Латын қарпінде жазып үйренейік» акциясы өткізілуде. Ұстаздар ұстаханасы болып табылатын тіл мамандары әліпбиді латын қарпіне көшіруге қатысты түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Барлық жобалар ағымдағы жылдың аяғына дейін жалғастырылмақ.   

Ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде облыста 2 мыңнан астам алуан түрлі форматағы іс-шаралар өткізілді. Күні кеше Елбасы назарына қоғамдық талқылаулардан өтіп, қайнауы піскен латын әліпбиінің емле ережелері 2018 жылдың аяғына дейін әзірленеді, - дейді тіл мамандары. 

Брифингке қатысушылар латын әліпбиіне көшудің тиімділігі және осы реформаға деген өздерінің оң көзқарастарын білдірді. Тіл мамандары  Елбасы шешімін қолдайтындарын және реформаны жүзеге асыруға барынша үлес қосатындықтарын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...