ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ЛАТЫНҒА КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҚАДАМ БАСУ

20:42, 28 қаңтар 2019

Қазіргі уақытта латын қарпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан, заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі, ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, латынның бізге берері көп. Осындай оймен облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары кезекті келелі іске мұрындық болды.

Латын әліпбиі негізінде қазақ тілін үйретуге бағытталған кешенді бағдарламалар наурыз айында басталмақ. Осы орайда, облыстық бюджеттен мамандандырылған кабинет ашуға 4,5 млн. теңге ақша бөлініп отыр. Мұнда мемлекеттік тілдің латын графикасындағы 5 деңгейлі оқыту курсы іс бастайды. Мамандар бұл шараға бүгіннен бастап кірісіп кетіпті.

Ағымдағы жылы жергілікті газет-журналдар да өз материалдарын латынша басып шығаруға бел буып отыр. Басылым беттеріндегі қателіктерге бой алдырмас үшін тілдерді дамыту басқармасы тарапынан тиісті іс-шаралар жасалуда. Аталған басқарма жанындағы «Тілдарын» орталығының мамандары тілшілер мен жарнамалық агенттік өкілдерін тез әрі нәтижелі түрде латын әліпбиіне көшуге және таңбалау бағдарламасына баулитын болады.

Тағы бір айта кетер маңызды бастама, бұдан былай, жаңадан ашылған ғимараттар мен әлеуметтік нысандардың барлығының атауы латын графикасымен таңбаланбақ. Оған облыс әкімі де ерекше көңіл бөліп отыр. Ұғынып үлгергеніңіздей, латын әліпбиіне көшу – қазіргі заманның басты талаптарының бірі.

Тақырып бойынша материалдар

ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
18:12, 19 сәуір 2019
ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...