ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ЛАТЫН ТІЛІН ОҚЫТУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

18:27, 18 сәуір 2019

Қостанайда тілдерді дамыту басқармасының мұрындық болуымен «Латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту» кабинеті ашылды. Ол барлық заманауи технологиялармен жабдықталған. Жоба құны 7 млн теңге. Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында латын әліпбиіне көшудің мәні зор. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселе - таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін үйренуді бүгіннен бастау керек. Облыстық Тілдерді дамыту басқармасы өкілдері осылай дейді.

Бұл – жаңадан ашылған  «Латын  әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту» кабинеті. Бүгіннен бастап бұнда 29 мемлекеттік мекеменің 985 қызметкері латын қарпінде сауаттарын ашады. Кабинет барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Тіпті әріптердің аудиожазбаларын да тыңдауға болады. Мұнда мемлекеттік тілдің латын графикасындағы 5 деңгейлі оқыту курсы да басталды. Осылайша, тіл жанашырлары шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Орталықтың әдіскер-оқытушылары арнайы ««Оңай оқы, оңай жаз» онлайн-платформасын да іске қосты. Жоба жаңа заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазу мен оқуды үйрету мақсатында дайындалған. Android операциялық жүйесіне орнатылған қосымша көмегімен әліпбиді оңтайлы әрі жеңіл әдіспен меңгеруге болады. Аталған бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мамандары мен жалпы көпшілікке арналған дейді тіл мамандары.

Тіл жанашырдарының сөзінше, бағалау сабағында тыңдаушының әр сабақта меңгерілген білімі тест, бақылау диктанты түрлерінде тексеріледі. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшу - әлемдік өркениет жетістіктеріне бағытталған стратегиялық маңызы зор үрдіс және ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе екендігін атап көрсетті.


Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
20:58, 20 қыркүйек 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
20:12, 17 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...