ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 15 қазан 2018

Сана жаңғыруы әліпби жаңғыруынан басталады. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өткен «Латын әліпбиіне көшудің емле-ережелері» кеңесінде айтылды. Жетекші лингвист ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында латын әліпбиіне көшудің маңызды мәселелері талқыланды.

Ғалымдар қауымы орфография өте күрделі сала, сауатты жазу үшін орфография мен ғылыми негіз болу керек екенін айтады. Сондықтан оның негізгі принциптеріне сүйену міндетті. Бұл тұрғыда шет елдердің тәжірибесіне де көз жүгірткеннің артықтығы жоқ. Бастысы тіл табиғаты бұзылмаса болғаны. Елбасы өзі айтқандай әліпби деген жол-жөнекей жөнделе, толықтырыла түседі. Алайда «көш жүре түзеледі» деп қазір реттеуге болатын маңызды мәселелерді кейінге қалдыруға болмайтынын айтады тіл мамандары.

Латын әліпбиіне көшудің негізгі емле ережелерінің жалпы жобасын Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ағымдағы жылдың басынан бері әзірлеп, ғылыми қауымға шілде айында тұжырымдама түрінде ұсынған болатын. Жиын барысында «латынға көшудің» ережелері талқыланып, аз-кем толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, өңірлерде жүргізілген «пилоттық жобаның» нәтижелері  кеңес барысында жұртшылық назарына ұсынылды.

Мемлекеттік тіл төңірегіндегі талай түйінді мәселені көтерген кеңесте ономастика ахуалы мен термин түйіткілдері қаузалды. Жиын соңында тілдерді дамыту басқармасының мамандары латынға көшудің кешенді жоспарын баяндады.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...