ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу - заман талабы

20:40, 14 ақпан 2018

Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие. Қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Лев Толстой атындағы кітапханада «Латын әліпбиі – болашағымыздың бастауы» атты іс-шараға қатысушылардың ортақ пайымы осындай. Жиналғандар, әлем бойынша барлық салада латын әліпбиінің қолданысы кең. Сондықтан, еліміздің жарқын болашағына бағытталған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұсыныстар, айтылған ойлар өмірімізге жаңаша серпін беретін батыл қадам деп есептейді.

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» - деп айқындап берген.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын студенттер қауымы да мұқият оқып, жан-жақты талдау үстінде. Жастар оны ықыласпен қабылдағанын атап өту керек. Бірнеше тілді еркін меңгерген студенттеріміз интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешқандай қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...