ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ

18:04, 13 наурыз 2019

Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» жобасын іске асыру жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Бұл бағытта Тілдерді дамыту басқармасы түрлі іс-шаралар өткізуде. Соның бірі – бүгін жүздеген қостанайлық азаматтар жалпыоблыстық диктант жазуға қатысты.

Рухани жаңғыру бағдарламасының «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы бойынша елімізде ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Соның бір дәлелі - жалпыоблыстық диктант.  Шараның негізгі мақсаты – латын негізіндегі қазақ әліпбиінің және қазақ тілінің емле ережесі жобасын практикалық тұрғыда жан-жақты қамту.

Осымен екінші мәрте өткізіліп жатқан диктанттың бұл жолғы тақырыбы «Алтын адам». Жалпы құрылымы 85 сөзден тұрады. Әдіскерлердің айтуынша, дәл осы тақырыпты таңдаудың өзі тұлға бойында патриоттық сезімді ояту және ұлт тарихи жадын жаңғырту болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы өңірде тіл үйренушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Солардың ішінде, әсіресе, мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары арта түскенін айтады сала мамандары. Бұған, әрбір аудандарда ашылған оқыту орталықтары сеп болса керек.    

Соңында тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері жазылған диктантты тексерді.   «Бес» және «екі» деген баға жоқ, тек латын әліпбиіне көшуге дайындық талданатын болады. Шара, Қостанай қаласы бойынша бірнеше жерде ұйымдастырылды. Оған жүздеген адам қатысты.      

 

Әйгерім Шаяхмет

Тақырып бойынша материалдар

ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
18:12, 19 сәуір 2019
ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...