ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛУ

20:50, 27 желтоқсан 2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі - қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Облыста бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде іске асуда. Атап айтсақ, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары көптеп ұйымдастырылып, айтылған ұсыныс-тілектер де қаперге алынуда. Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен бүгінде біраз іс тындырылды. Толығырақ тілші баяндасын.

Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» жобасын іске асыру жұмыстары жүйелі жүзеге асуда. Бұл бағытта биыл тілдерді дамыту басқармасы түрлі форматтағы 2421 іс-шара өткізген. Басқарма қызметкерлерінің ұйымдастырумен биыл 14- қараша күні өткен «Жалпыхалықтық диктант» республикалық акциясына 87994 адам қатысқан.

Латын әліпбиін енгізу - уақыт талабынан туындаған қажеттілік екенін көпшілікке түсіндіру, насихаттау барысын баяндаған басқарма басшысы ағымдағы жылы атқарылған ауқымды шаралармен шектеліп қалмаймыз. Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруды алдағы уақытта да жалғастырамыз дегенді айтты. Осы күнге дейін орындалған міндеттер де - мол.

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында латын әліпбиіне көшудің мәні зор. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені - таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан. Отандастардың ортақ ойы осы.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...