ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ІЛЕСУ

13:03, 19 қараша 2018

Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында латын әліпбиіне көшудің мәні зор. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселе - таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізу керек. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы өкілдері мен «Үміт» қоғамдық бірлестігінің мүшелері осылай дейді. Осы ретте орындалған ортақ міндеттер «Біз латынды таңдаймыз!» атты әлеуметтік жоба шеңберінде айқын көрініс тапты.

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. 2006- жылы Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Қазір латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие, көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік мемлекеттердің латынға көшуі кездейсоқтық емес» деген болатын. Осыған орай облыс көлемінде көптеген көлемді шаралар орындалып келеді, -  дейді тілдерді дамыту басқармасының мамандары.

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025- жылдан бастап латын графикасына көшетінімзді айтты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да Елбасы латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдарын жасау міндетін жүктеді. Жалпыға ортақ жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Үміт» қоғамдық бірлестігі белсенді  үкіметтік емес ұйымдар қатарынан көрініп отыр. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарды латын графикасына бейімдеу үшін түрлі шаралар атқарылуда, -  дейді бірлестік төрағасының орынбасары.

Латын әліпбиіне көшкенде тек таңбалар латын қаріптеріне алмастырылымайды.  Дыбыс жүйесіндегі ерекшеліктер мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтар да екерілуі тиіс. Яғни, линвистика тұрғысынан назар аударған жөн. Сол себепті, жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі қазақ тілі факультеттерінде қазақ-латын графикалық сабағын енгізуді қазірден қолға алу керек деген пікірде тіл үйрету саласының мамандары.

Заман сынағына лайықты төтеп беру үшін, нақты жобаларды жүзеге асыру керек. Латынға көшу - дамудың жаңа сатысына көтерілу. Бүгінде түркі тілдес халықтардың 75 пайызы латын графикасын қолдануда. Сондықтан да, қоғамды біртіндеп латын қарпіне үйретіп алу қажет. Сонда, жазбаны өзгерту де, әліпбиді алмастыру да жеңіл болмақ дейді мамандар.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...