ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

18:11, 18 сәуір 2019

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бір топ мамандары өңірге екі күндік іс-сапармен келді. Тобыл топырағына табан тіреулерінің түпкі мақсаты – латын графикасына көшу төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тілдерді оқыту мамандарымен тәжірибе алмас. «Жаңа емле: құрылым мен мазмұны» атты қазақ тілін латыннегізді меңгеруге мол септігін тигізетін республикалық маңызы зор семинарға тілшіміз қатысып қайтты.

Екі күнге ұласатын семинар екі бөлімнен тұрады. Шараның алғашқы кезеңі тыңдаушыларға дәріс оқу болса, екінші бөлімінде оқыту іс-шаралары орындалады. Басқосудың басты мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренер дайындау.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін кәсіби түрде түсіндіре алатын маман дайындаудың мән-маңызы зор. Себебі, жергілікті тұрғындарға жаңа әліпбиге көшу негіздерін тілдерді оқыту орталықтарының мамандары іске асырады. Сондықтан, олардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ел аймақтарын аралап жүрміз, - дейді алматылық меймандар.

Семинар барысында тыңдаушыларға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы мен графикасы және қазіргі айтылымы мен жазылым нормалары туралы толыққанды ақпарат беріледі. Сосын алған тәжірибелерін орталық оқытушылары ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде жан-жақты түсіндіру мүмкіндігін дамытып, білімін толықтырады. Шара шеңберінде инновациялық педагогикалық технологиялар мен -тәсілдерінің ғылыми-ізденушілік және оқу әдістемелік қағидалары қолданылатын болады, - дейді «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми орталығының өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...