ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕТУ БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

20:35, 3 шілде 2018

2025 жылға дейін білім беру мекемелеріне кезең - кезеңмен латын әліпбиі енгізіледі. Белгіленген кестеге сай, 2020-2023 жылдар аралығында бастауыш сыныптар жаңа қазақ жазбасына көше бастайды. Латын қарпін қолдануды үйрету бойынша мүгедек кісілер арасында арнайы оқыту сабақтары жүргізіледі. Бүгінде Тілдерді дамыту басқармасы осы бағытта қоғамдық бірлестіктермен бірқтар әлеуметтік жобаларлы жүзеге асырмақ.

Баспасөз брифингінде тілдерді дамыту басқармасының өкілдері латын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Былтыр облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы ақпараттық түсіндіру тобы құрылды. Оның мүшелері төл жазуымыздың латын әліпбиіне ауысуының, елдегі осыған қатысты жаңа реформаны халық арасында  түсіндірумен айналысты.   БАҚ, әлеуметтік желілерде жан - жақты мәліметтер берілді. Биылғы жылдың алғашқы  жартыжылдығында бір жарым мыңдай іс-шара өткізілді. 88 мыңғдай адам түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. 

Басқарма қызметкерлері мұндай сауалнаманы үшінші тоқсанда кезекті мәрте жалғастырмақ. Және де үкіметтік емес ұйымдар мен бірлескен жобалар жүзеге асыруды жоспарлайды.  Жаңа қазақ жазбасын мүмкіндігі шектеулі кісілерге  үйрету бойынша  түрлі әдіс - тәсілдер қолданылмақ. Дәрістер, сабақтары жүргізіліп, қазақ әліпбиінің тарихымен  таныстыру көделген.     Бұл бастамаларға  3 ,5 млн теңге бөлінген. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында қазақ тілі графикасын латын әліпбиіне ауыстыру тапсырмасы басым бағыт болғаны белгілі.  Осы орайда, Үкімет басшысымен 2025 жылға дейін іс - шаралар жоспары бекітілген. Білім мекемелері кезең - кезеңмен латын  әліпбиіне көшеді.2020-2023 жылдар аралығында  жаңа қазақ жазбасы бастауыш сыныптарға енгізіле  бастайды.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...