ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ОҚЫТУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

20:46, 18 қазан 2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Елбасы латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдарын жасау міндетін жүктеген болатын. Жалпыға ортақ жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Үміт» қоғамдық бірлестігі белсенді ұйымдардың қатарынан көріне білді. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды латын графикасына бейімдеу үшін арнайы 40 сағаттық бағдарлама әзірленген еді. Енді сол курс аяқталды. Жаңа әліпбиді жақсы меңгерген мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сертификаттар табысталды.

Енді өңіріміздің кембағал азаматтары үшін латын қарпінде шығармалар оқып, еркін жазуға мүмкіндік мол. Қырық сағаттық бағдарлама аясында тыңдаушылар электронды түрде әзірленген латын әліпбиінің негіздерін тегін меңгерді.

15 тыңдаушыдан құралған топ аталмыш курсты 4 ай бойы аптасына екі рет оқыды. Бағдарламаның 40 сағаты нақты латын қарпіне негізделген. Мақсат - латын қарпінде сауатты жазу, сонымен қатар қызметтегі қамкөңіл жандардың арасында ресми стильді қалыптастыру. Бұл бір күндік шаруа емес. Сондықтан әр сабаққа белсенді қатысып, өз ойын ортаға салу әр тыңдаушы үшін өте пайдалы, - дейді мамандар.

Дәріс барысында қамкөңіл жандарға латын әліпбиінің қысқаша тарихы мен графикасы және қазіргі айтылымы мен жазылым нормалары туралы толыққанды ақпарат берілді. Сабақта инновациялық педагогикалық технологиялар мен мультимедиялық тақта да қолданылған.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
20:58, 20 қыркүйек 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...