ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады

20:30, 9 қараша 2017

Облыстық «Қостанай таңы» газеті қазақша мәтіндерді латын әліпбиі бойынша таңбалаудың тың және тиімді тәсілін тапты. Осы орайда, баспасөз бетінде «Латын әліпбиі - жаңа көкжиек» атты қосымша айдар ашылып, енді-енді қолданысқа еніп келе жатқан жаңаша жазуға байланысты ел-жұрттың ой-пікірлері де ескерілуде. Бас редактордың баяндауынша, латын қарпіне түбегейлі көшуге әлі ерте. Сол себепті, сайтта ғана арнайы бағдарлама жарық көріп отыр. Кирилицаны лезде латын әліпбиіне лайықтап беретін аудармаға тілші куә болды.

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп-жетілген, қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды әрі ең салмақты нәтижелері – латынша таңбалау, қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге әсер етеді әрі қазақ тіліне айрықша мән беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады. Сондықтан, заманның талабы болып отырған латын әліпбиі үлкен қолдауға ие.

Латынша жазып үйренудің үлгісін жасаған газет ұжымы ресми сайттарында қазақтың жаңа әліпбиін жариялап та қойған. Осы орайда оқырман мәтінді онлайн режимінде аударуға  негізделген бағдарламаның көмегіне жүгінеді. Сайтты ашасыз, нұсқаулықты басасыз. Қазақ  тілінде терілген кез келген мақала әп-сәтте латын таңбасына көшіріледі, - дейді бас редактор.

Бас редактордың баяндауынша, латын әліпбиіне көшу – бірте-бірте, байыппен, кезең-кезең бойынша атқарылатын ауқымды шаруа. Сондықтан, асығыстықтың еш қажеті жоқ. Бұл бағдарламаны әзірлеудің әуелгі себебі – көпшіліктің көзін үйретуде жатыр. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, әліпбидің жаңа нұсқасын қолданатынымыз анық. Сол кезде, қиындыққа тап болмау  мақсатында туындаған, болашақта жаза алуымыз үшін жасалып жатқан игі қам-қарекет – бұл.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...