ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

20:35, 24 қыркүйек 2018

Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі. Яғни, жаңа қаріптер төл тілімізді әлемге танытады. Жазуды жаңғырту – тілді түлету. Ал тілді дамыту елді өркендетеді. Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында сала мамандары бұл бағытта бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Елбасымыз «латынға көшу» тапсырмасын беріп, арнайы жұмыс тобы да құрылған болатын. Бүгінде латын графикасы әліпбиінің бірыңғай стандарттары құрылып, облысымыздың біраз ауылдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Уақытпен үндескен бастаманы қызу қолдап отырған Қостанай жұртшылығының саны бүгінде 73 пайызды құрап отыр. Яғни, ақпараттық технологиялар дамыған заманда латын қарпіне көшудің маңызды екенін тобылдықтар жақсы түсінеді деген сөз. 

Облыс әкімі латын қарпіне кезең-кезеңмен көшуді жаңарту жоспарымен іске асыру керектігін айтты. "2025-ші жылға дейін әлі біраз уақыт бар" – деп арқаны кеңге салуға болмайды деді өңір басшысы. Латынға көшу – өркениет көшінен қалмау екенін ескертті.   

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
20:58, 20 қыркүйек 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
20:12, 17 қаңтар 2020
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАҢА АЛАҢДА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...