ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ

20:35, 23 мамыр 2018

Соңғы нұсқадағы әліпбиде барлық ұсыныстар ескерілген. Оған Қазақстандағы ең белді ғалымдар, тіл мамандары тартылды. Бүгінгі әліпби - жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қостанайда «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа басты бағдар» тақырыбында өткен республикалық конференция қатысушылары осылай деді.

Әлемнің ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы латын әліпбиі деп есептейді А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. Кемінде алдағы  20 жылда барлық салалар бойынша бәсекелестік ІТ-технология, виртуалдық жүйе бойынша жүреді. Сондықтан қазіргі реформалар тек қазақ тілін латынға көшіру емес, мемлекеттік тілді жаңа әліпбиге көшіру негізделген бастамалар.      

Латын әліпбиіне көшу дайындық жұмыстары алдағы екі жылда іске асады. Түрлі ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Орфографиялық сөздік, ережелер жиынтығы шығады. Ең алдымен ұстаздар корпусы дайындалып, ауқымды түрде таныстыру шаралары атқарылады.   

Ал республикалық конференцияда латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін жасаудағы кемшіліктер, латын графикасына көшуге дайындық барысы, кезеңдері жайында орамды ойлар айтылып, пікірлер ортаға салынды. Тіл ғылымы саласының мамандары әліпби жасаймыз деп тілді бұзып алмауға, қоғамның сауатсызданып кетпеуіне баса назар аудару қажеттігін алға тартты. Айтылған барлық пікірлер мен ұсыныстар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның алдағы жұмыстарында ескеріледі. 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап мекепп алды даярлық сынып оқушылары латын тілінде оқи бастайды. Ал 2025 жылы латын әліпбиіне көшу барлық саланы қамтитытн болады.

 

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...