ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ

20:54, 18 қыркүйек 2019

Аймағымызда кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жастар аз емес. Әсіресе, инновациялық туындыларға деген қызығушылықтарының зор екенін аңғаруға болады. Қостанайлық екі өнертапқыш латын әрпімен басылған аннимациялық қазақ әліпбиін ойлап тапты. 3 Д мобильді қосымшаға негізделген инновациялық жоба балалардың қазақ жазбасын тез меңгеріп кетуіне бағытталған.

Жоғары оқу орнының студенттері Ильяс Әзілханов пен Зарина Мырзатаева осы бірегей жобаның авторлары. Қостанайлық өнертапқыштар балаларға арналған латын әрпімен басылған анимациялық әліппені әзірледі. Инновациялық идеяның игілігі мол екенін айтады жас ғалымдар. Біріншіден, латын графикасын үйретудің озық әдіс-тәсілдері қолданылған.

Әліпбидің жаңа латынша графикасын алғаш оқып-үйренетіндер балабақша мен оқу орындары болмақ. Сондықтан инновациялық жобаның нарықта тиімділігі айтпасада түсінікті. Ғылым жолына түскен қос студент ойлап тапқан жаңалығын жарыққа шығаруды жөн санаған. Ильяс Әзілханов осы мақсатта «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнес жоспарды құру, іскерлік негіздеріне үйренді.

Инновациялық жобаны іске асыруға қаражат керек. Жас кәсіпкер 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант ұтып алуға үміттеніп отыр. Тапқырлық танытқандар тасада қалмайды дейді ол. Кәсіпкерлікпен айналысуға қадам жасаған өнертапқыштың үміті ақталып, жобасы жүзеге асатынына еш күмән жоқ. Жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту – Елбасының ұдайы көтеріп жүрген бастамасы. Сондықтан да, бұл мәселеге жіті көңіл бөлінуде. Істің көзін тапқан дарынды жастардың бизнес бастамаларына қашанда қолдау болады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
20:58, 20 қыркүйек 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҮЙРЕНУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...