ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

20:35, 28 мамыр 2019

Қазақ жазуының бүгіні мен ертеңі. Осындай атаумен Қостанайда ғылыми-практикалық конференция өтті. Мақсат – жаңа әліпбидің емле-ережелерін жұртшылыққа насихаттау. Жалпы өңірімізде бұл үрдіс жүйелі түрде сәтті іске асып келеді. Сана жаңғыруы әліпби жаңғыруынан басталады. Зиялы қауым бас қосқан келелі конференцияда елорданың жетекші лингвисттері осылай деді. Толығырақ.

Конференцияға жиналғандар -  латын графикасын оқытатын бүгінгі күннің алғашқы ағартушылары. Бәрі дерлік жоғары білімді, ғылыми атақтары бар, кейбірі тұтас орталық пен басқарма жетекшісі. Елорданың жетекші лингвистері тіл мамандарына жаңа емлелерді тиімді меңгеру жолдарын үйретуде. 12 сағаттық алғашқы топта 28 адам білім алмақ. Жыл соңына дейін өңірлерде 2 мыңға жуық тренерлерді дайындаймыз дейді тіл орталығының мамандары.

Ғалымдар қауымы орфография өте күрделі сала, сауатты жазу үшін орфография мен ғылыми негіз болу керек екенін айтады. Мемлекеттік тіл төңірегіндегі талай түйінді мәселені көтерген конференцияда ономастика ахуалы мен термин түйіткілдері де талқыланды.

Айта кетейік, осыдан 1 ай бұрын өңіріміздің әдіскер-оқытушылары арнайы «Оңай оқы, оңай жаз» онлайн-платформасын қосқан болатын. Заман талабына сай интернет-технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған жаңа әдіс – латын тілін үйрунуде септігі зор дейді мамандар.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
18:12, 19 сәуір 2019
ТІЛ МАМАНДАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...