«EXPO» – ұлт мақтанышы

«EXPO-2017» халықаралық көрмесін еліміздің әр азаматы өз көзімен көріп, тамашалағысы келеді. Маңызды шара қостанайлықтарды да қатты қызықтыруда. Астанадан оралған білім саласы қызметкерлері мен мектеп оқушыларының алғашқы легі экспо жайлы әңгімелеп, әсерлерімен бөлісуде. Көбіне, Қазақстанның ұлттық павильоны ұнапты.

17:48, 13 шілде 2017   181

Ерлан Бекішев Қостанай қалалық 10шы орта мектебенің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Астана төрінде өтіп жатқан, халықаралық  «ЭКСПО -2017» көрмесінен алған әсерлерімен бөлісуде. Жас педагог жаңа оқу жылының басталғанының тағатсыздана   күтетіндігің айтады. Мектеп оқушыларына  ел мақтанышына айналған көрмеден болашақта қандай жаңа технологиялар ұсынылатыны жайында айтпақ.

Ал 8ші сыныпта оқитын Василиса Свиридова ЭКСПО көрмесінен жақында оралған.Техника мен ғылымның дамыған уақытында ұсынылып отырған "Болашақ энергиясы" тақырыбы да оны қатты  ойландырса керек. Көрмеге барған оқушылармен  көрмені тамашалап қана қайтпай, осы жағынан да мағлұмат алды. Алдағы уақытта Василиса осы тақырыпта  шығарма жазып қана қоймай, кітап басып шығаруға да ниетті.

Сапарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат білім қызметкерлерін астанамызда өткізіліп жатқан «EXPO-2017» көрмесімен таныстыру. Бастысы тегін. Жалпы барлығы 255 жолдама беріледі.

ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін маңызы зор. Оқушыларға жан-жақты экологиялық тәрбие беріп, әрбір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға үйретеді, дейді білім саласының қызметкерлері. Облыстық  кәсіподақ ұйымы әлі 170 мұғалімге ЭКСПО  жолдамасын  тарту етпек.

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60