«EXPO 2017» - тағылымы мол тарихи шара

«EXPO» көрмесіне қатысу – тағлымы мол тарихи оқиғаға куә болу деген сөз. Аймақтық баспасөз орталығында өткен бирфингте осы ауқымды іс-шараның мән маңызы сөз болды. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен қазпошта мамандары көрме билеттерінің сатылу реті мен бағасы турасында түсінік берді.

17:29, 17 сәуір 2017   182

«Болашақ энергиясы» деген атаумен Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге әлемдегі 120 елдің өкілдері қатысады. Яғни, осы ауқымды шараға барған әрбір азамат сол елдердің мәдениетімен, ғылыми, рухани құндылықтарымен танысып, дүниетаным көкжиегін кеңейтеді. Бұл көрмені өткізу ТМД елдерінде алғаш рет Қазақстанға бұйырғаны да мәртебе.

Көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Келушілер мұнда әлемдік деңгейдегі спорттық, мәдени шараларды тамашалай алады. Қазір аймақта EXPO билеттерін сататын негізгі оператор «Қазпошта» мекемесі болып отыр. Олардың есебінше осы күнге дейін облыста 1132 билет сатылып үлгерген.

Қазір ел арасында EXPO билеттерін мұғалімдер мен оқушыларды еріксіз сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген алып-қашпа әңгіме жүр. Мамандар бұл ақпарат нақты деректерге негізделмеген дейді.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60