«EXPO-2017» қылқалам шеберлерінің көзімен

Болашақтың энергиясы». Осындай атаумен облыстық көркемсурет галереясында көрме ашылды. Оған бейнелеу өнеріне бейім жас суретшілер қатысты. Көрме экспозициясына қылқалам шеберлерінің 100-ге жуық туындылары қойылған. Қазақстанның кемел келешегі бейнеленген әр сурет көрген көді бей- жай қалдырмайды.

17:17, 10 наурыз 2017   201

Облыстық көркемсурет галереясында қаз-қатар тізілген туындылар көз тартады. Тақырыбы да өзекті.  Ел ордасы Астанада  өтетін халықаралық «Экспо -2017» көрмесіне арналған. Шығармалар болашақтың энергиясынан сыр шертеді. Әлемдік аренада Қазақстанның абыройын  арттыратын салмақты шараны әр суретші өзінің көзқарасымен  жеткізуге тырысты. Солардың бірі - Лаура Сейдахметова.

Өнердің осы түрін серік еткен Нина Олексюк талай байқауларда топ жарып, облыс даңқын асырып жүр. Жетістіктерін жіпке тізер болсақ: облыс әкімінің «Триумф» жүлдесінің иегері, «Жас толкын-2016» бейнелеу өнерінің жеңімпазы. Суретші  Александр Рерихтің  шеберлігі де ерекше көзге түседі.

«Көктем энергиясы» тақырыбындағы суреттер көз тіккенді таңқалдырмай  қоймайды. Сурет өнерін өмірінің сәніне айналдырған шығармашылық иелері дәл  осындай шараларда  шыңдалатынын айтады ұйымдастырушылар. Сурет көрмесі бір ай көлемінде жұмыс істемек.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44