ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

ЭКСПО ЖОБАСЫ - ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДЕР

20:39, 9 тамыз 2018

«ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне ұсынылған жобалардың бірі Қостанай зауытында өндірілетін электромобильдер. Елбасы өз Жолдауында экспортқа негізделген экологиялық таза автокөлік өндірісін дамытуды тапсырған болатын. Жергілікті мамандар оның жүзеге асуы отандық автоөндіріс саласының дамуына серпін береді деген пікірде. Қостанай зауытында құрастырылған электромобильдер қазірдің өзінде тұтынушүылардың зор қызығушылығын тудырып отыр.

Қостанайдағы автозауытта осы уақытқа дейін 27 электромобиль  құрастырылды. Олардың бірқатары автосалондарға жіберілсе, қалған бөлігі сынақтан өтуде. Бастапқы нәтиже тоқпен жүретін көліктердің тиімділігін көрсетті. Ауаны ластамайды, үнемді. Тегіс жолда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүйткиді.

Қазір кәсіпорын инновациялық өнімді экспортқа шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр.   Алдымен электромобильдерді  Ресей мен  Орта Азия елдеріне өткізу жоспарланған. Әсіресе Қостанайдың орналасқан жері, теріскейдегі көршіміздің жақындығы бұл жобаны жүзеге асыруға аса қолайлы.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО -2017» КӨРМЕСІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛУДЕ
18:05, 30 шілде 2018
«ЭКСПО -2017» КӨРМЕСІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДІРІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар