ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

ЖАТАҚХАНАЛАР ТЕКСЕРІСТЕН ӨТІП ЖАТЫР

20:49, 29 қазан 2020

Қостанайда жатақханаларды тексеру жұмыстары басталды. «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен бірлесіп арнайы рейд өткізуде. Өңірдегі 35 студенттік жатақхананың барлығы санитарлық талаптарды қаншалықты сақтап отыр және студенттерге қандай жағдай жасалған? Тілшіміз де көріп қайтты.

Қостанайдағы жоғарғы оқу орындарының біріне тиесілі бұл жатақханада Ксения Ващенко 1-ші жыл тұрып жатыр. Үйімнен еш кем емес дейді. Сабақтан келгесін асты да өзі әзірлейді. Қолы тимей жатса, студенттік арзан асханадан іше салады. Кір жуатын бөлме, душ бар. Спортпен шұғылдануға да мүмкіндік қарастырылған.

Бұл жатақханада 300-ден астам студентке орын бар. Алдымен бөлме алыстан келгендерге беріледі. Олардың алаңсыз сабақтарын оқып, демалуларына барлық жағдай жасалған.  «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері бұған көз жеткізді. Тексеру шаралары «Қостанай адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп осымен 2-ші рет жүргізіліп отыр.

Қазір жатақханада 1-ші курс  студенттері ғана тұрып жатыр. Ал қалған білім алушылар қашықтықтан оқуда. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Күн сайын дизенфекция жасалады. Пандемия біткесін қалған студенттерді қабылдауға дайынбыз, дейді оқу ордасының басшылары.
Рейд барысында мониторингтік топ мүшелері олқылықтардың бар-жоғын қадағалады. Яғни, төсек орын мен жуынатын бөлменің тазалығы, өртке қарсы дабылдағыштың қаншалықты жұмыс істейтінін де тексерді. Басты мақсат- Елбасының бес әлеуметтік бастамасында  айтылған міндеттерге сәйкес студенттердің тұрмыс сапасын жақсарту.

Тақырып бойынша материалдар

22 МЫҢ ОҚУШЫ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ӘДІСІМЕН БІЛІМ АЛАДЫ
20:30, 12 қараша 2020
22 МЫҢ ОҚУШЫ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ӘДІСІМЕН БІЛІМ АЛАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕРГЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:43, 11 қараша 2020
МЕКТЕПТЕРГЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...