ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

20:51, 9 қаңтар 2019

«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» қабырғасында бұрын-соңды болмаған аймақ аумағындағы алғашқы жасыл технологиялар зертханасы ашылды. Облыстық білім басқармасының бастамасымен қолға алынған келелі іс келешек ғалымдарды даярлауға, шәкірттерді заман талабына сай оқытуға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Зертханада жасалынған қанатқақты жобаларды тілшіміз тамашалап қайтты.

Бұл зертхана оқушылардың дарындылығын дамытуға, оларды зерттеу шараларына дағдыландыруға және функционалдық сауаттылығын арттыра түсу мақсатында ашылған. Заманауи құрал-саймандармен жабдықталған шағын кешеннің осы оқу ордасында орын    тебуіне облыстық білім басқармасы мұрындық болған.

Жобаның жаңалығы жасанды жолмен өсімдік өсіруінде. Бұл арқылы өсімдіктердің барлық түрлері мен сұрыптарын, ауылшаруашылық дәнді-дақылдарын, тіпті, цитрус және тропикалық жемістерді де өсіруге болатын көрінеді.

Тың тәсілдің тиімділігі өсімдік барлық керекті қоректі судан және су құрамындағы оттегіден алып, жемісті дақылдардың өнімділігін арттырады. Декоративті өсімдіктердің гүлденуін ұзартады. Гидропоника әдісін қолдану топырақта өсетін өсімдіктерде кездесетін зиянды элементтер мен түрлі аурулардан сақтайды. Заман талабына сәйкес зертхананың маңыздылығы – мектеп ауласы мен оқу кабинеттерін көгалдандыру болса, басты мақсаты – оқушыларға ғылыми жұмыстар жазу мен кәсіптік бағыт-бағдар сілтеу, -  дейді ұстаздар.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
20:32, 16 шілде 2019
МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
Толығырақ...
ЕСКІ МЕКТЕП ЖАБЫЛМАЙДЫ, ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
20:37, 3 шілде 2019
ЕСКІ МЕКТЕП ЖАБЫЛМАЙДЫ, ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...