ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

20:07, 13 наурыз 2020

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де жас ғалымдардың жобаларына жол ашқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тақырыбы - «Заманауи биологияның әдіснамасы және теориясы мен тәжірибесі» деп аталады. Алыс-жақын шетелдер мен елдің барлық облыстарының жас ғалымдары заманауи биологияға қандай жаңалықтар енгізбек? Тілшіміз біліп қайтты.

Тобыл өңіріне жиналған жас ғалымдар тірі организмдердің барлық көріністерін, олардың құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен таралуын, классификациясын, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортамен байланысын зерттейді. Осымен облыста бес рет ұйымдастырылған конференцияның бірінен де қалмай, белсене қатысып жүрген жас ғалымдардың бірі – Ринат Айтбеков. 

Конференция халықаралық деңгейде өткенімен, Қостанайға қазақстандық ЖОО-ның студенттері мен магистранттары және докторанттары жиналды. Өзге мемлекеттің жас ғалымдары өз жобаларын электронды нұсқада жолдаған. Сарапшылар пікірінше, осындай кең көлемді ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру болашақ ғалымдарға даңғыл жол ашады.

Бес жүзден астам биологтардың басын қосқан конференция жұмысы секциялық  форматта іске асты. Бірнеше топқа бөлінген жас ғалымдар өздерінің ғылыми мақалаларын оқып, өзара тәжірибе алмасты. Биология ғылымын дамытуға негізделген бұл конференция тек жастарға ғана емес, ЖОО-ның ұстаздары үшін де беріліп отырған мол  мүмкіндік, -  дейді шара бастамашылары.     

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...